Аққуым
Бұл бетте «Аққуым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1103
Құштар еді гүл-көктемнің лебіне,
Көктемменен бірге еді оның демі де.
Әлденеден кетті ме екен шошынып,
Аққу құсым оралмай жүр көліне.
Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен
Құстар ағып кетіп жатыр өлеңмен.
Батар күннің шұғыласына малынып,
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен?
Ақ нұр еді, балғын еді өзі де,
Жолықтың ба налып жүрген кезіне.
Айдын көлде жәудіреген жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі