Дала даусы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Дала даусы» атты Сағи Жиенбаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көгілдір аспан, көкорай шалғын айнала,
Таңменен бірге оянды тағы бар дала.
Бастады жырын машина қаздай ағылып,
Бастады күйін жаңғыртып болат балға да.

Ағады бұлақ даланың мейірін қандырып.
Барады жастар аспанның астын ән қылып.
Шағылып күнге ұшады мәрмәр тастар да,
Таңменен бірге таулардың іші жаңғырып.

Дала да, тау да жырлайды,
Тамылжып аспан тыңдайды.
Жұлдыздар шамын жаққанша
Даланың жыры тынбайды.

Қырандар бауыр басып асқарында,
Жайраңдап қыз-жігіттер жас бағында,
Шалқиды шаттық әні күндіз-түні
Қалықтап Қаратаудың аспанында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала даусы өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Дала даусы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала даусы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала даусы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері