Кеттің алыс
Бұл бетте «Кеттің алыс» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 01.10.2024
- 0
- 0
- 1010
Кеттің алыс қызыл құмның ішіне,
Бүгін тағы кіріп жүрсің түсіме.
Қызығамын күнде өзіңе жолығып,
Күнде өзіңді көріп жүрген кісіге. 2 рет
Қызығамын жүрген жанға тілдесіп,
Өзіңменен бірге қонып, бір көшіп...
Қызығамын білген жанға бір сені,
Алыс-жақын сапар шегіп, күн кешіп... 2 рет
Күндіз-түні еркелетсін, күлдірсін,
Бәрібір ме бірге тұрып, бір жүрсін.
Мен оларға қызығамын бұ жақта,
Олар маған қызыға ма, кім білсін?! 2 рет
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі