Білгісі келеді
Бұл бетте «Білгісі келеді» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұрағы көп-ақ тіпті Құралайдың,
Дегенмен ол орынсыз сұрамайды.
Бір күні таңғалдырды Құралайым:
«Тіреусіз бұлттар неге құламайды?»
Немесе: «Қалай? – дейді, – неге? – дейді, –
Аппақ қар қара бұлттан себелейді?»
Мұз неге ерігенде су болады?
Су неге қайнағанда бу болады?
Құралай болса да әлі тым кішірек,
Тұрады бәрін соның білгісі кеп..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі