Ата тілегі

Бұл бетте «Ата тілегі» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған ата туралы өлең берілген.

Қойдың басы алдында
Атам оны алды да,
Кесіп беріп құлақты,
Мені әуелі қуантты.
– Жақсы сөзді құлағың,
Тыңдасын! – деп, шырағым.
Бекке тиді тіл ұшы,
«Тілмар бол» деу – мұнысы.
Көзді ұсынды Асанға:
– Қырағы бол қашанда!
Шай қасығын батырып,
Миын алып ақыры:
«Болыңдар», – деп, – ақылды,
Бәрімізге татырды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері