Біз кім?
Бұл бетте «Біз кім?» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.11.2024
- 0
- 0
- 1541
Осы біз дуракпыз ба, ақынбыз ба?
Естіге - ақын, бұзықпыз ақылсызға.
Қырғидай кеп тиеміз әрқашанда
Қаз-үйректей қаптаған қатын-қызға.
Еңбек етсек, күш төксек, ақша тапсақ,
«Метроға» кіреміз әуел бастап.
Қатын-қызға қалғанын беріп салып,
Ақша жоқ деп жүреміз он күн қақсап.
Осымыз да, япырмау, дұрыс боп па,
Көңіл тежер уақытымыз жеткен жоқ па?
Желігуден жалықты жаным менің,
Caп, caп, көңілім, лепірме, тоқта-тоқта!
Кезбен енді махаббат базарын да,
Алман сатып қымбатын, арзанын да.
Шылым тістеп, ой ойлап, қиял шарлап,
Бел байладым жатуға жар жанында.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі