Дүние қандай жап-жарық
Бұл бетте «Дүние қандай жап-жарық» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.11.2024
- 0
- 0
- 1932
Дүние қандай жап-жарық!
Осындай ма еді бұрын да?!
Байқамаппын аңғарып
Ойдың тапшылығында.
Дүние қандай жап-жарық!
Көңілім неге жабырқау?
Көкірегіме дақ салып
Кетті ме соғыс, япырмау?!
Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы,
Жалт-жүлт етіп жатшы ағып,
Жарқылдайын мен дағы.
1944 жыл
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі