Қашықтасың туған жер – Аян Нысаналин

Бұл бетте «Қашықтасың туған жер» атты Аян Нысаналин жазған туған жер туралы өлең берілген.

Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері