Таң атып келе жатыр – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Таң атып келе жатыр» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Таң атып келе жатыр
Сібірлеген,
Оянды қалғып кеткен іңірде өлең.
Лаулады көкіректе сезім оты,
Бықсықты білмей қалдым
Кім үрлеген?
Жүруші ем желпіне алмай
Бұрын дәйім,
Келмейтін бұрылуға бір ыңғайым.
Жанымды жан түсінбес –
Шиыры мол,
Білгенмен Алатаудың сырын қайың.
Қайранмын
Кім ысырды жалаң күнді?
Еземін табанға сап тәмам мұңды.
Айналдым алтын Күнді күміс қабақ,
Гүлге орап кеткен менің қадамымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері