Өлең, жыр, ақындар

Орыс дұрыс...

  • admin
  • 19.11.2024
  • 0
  • 0
  • 456
Орыс дұрыс...
Тап осыным неге де,
Бір қылығын салам үздік жебеге.
Қыздан тусын, ұлдан тусын – бәрібір,
Орыс үшін екеуі де немере.
Немере боп кетсе алдында бәрі де,
Біле білсек, мәні жатыр әріде.
Қыздан туды немеремнің үлкені,
Немеремнің ол төресі әлі де.
Қыз ұл тапса, өз анасы бағады,
Ол мойнына тұңғыш тұмар тағады.
Өз қызымның панасы боп жаралған,
Осынау тентек мен үшін зор бағалы.
Ол туғанда мен ерекше көсілдім,
Бізде үлес көп өсуінде осы ұлдың.
Кеншімін ғой, Жер­ананың сырына
Кішкентайдан қанық қылып өсірдім.
Ол қаламгер өз соңымнан ергендей,
Қайтпекшімін өз ұлым деп елденбей?
Содан болар, ол ерекше сүйеді,
Жердің шарын мен сыйлыққа бергендей.
Өмір бастан ертең ғана өтеді,
Қалады артта дархан тірлік тепеңі.
Құдалар­ау, есен жүрсе Арманжан,
Бөліспейік, бәрімізге жетеді.
Осындайда мен жарылам ағынан,
Орыстардың дәстүріне бағынам:
Қыздан туса, ол да нағыз немерем,
Екі қолды тік көтеріп табынам.
Құлақ салшы, беу, мұсылман, сөзіме,
Тарлан тарих елестейді көзіме.
Қыздың ұлын шығарды ғой қақ төрге
Мұхаммедтей Пайғамбардың өзі де!

20.07.2003.
Алматы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үкілі Ыбырай ауылындағы тебіреніс

  • 0
  • 0

Тіршілік, кей сырыңды біліп едім,
Ескермей еркелікпен жүріп едім.
Егделік етек­жеңді тарылтты ма,
Көп достар, естілмейді дүбірлерің.

Толық

Әулеттің алтын тірегі

  • 0
  • 0

Әулеттің алтын тірегі
(Картай Хайыровқа)
Балаға құт әкеден алған нәрі,
Кәкімбек Салықов

Толық

Ақ қайыңдар арасында ауылым

  • 0
  • 0

Ақ қайыңдар арасында ауылым
Жасыл жайлау, Сарыарқа төсін кернеп,
Аппақ орман әшекей көсілді өрнек.
Кәкімбек Салықов

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар