Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай»

Бұл бетте «Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай»» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай»,
Көрінген көзімізге қылығы анық.
Көрсетіп жүр ғой олар ғажап талай,
Бар байлықты қалтаға тығып алып.
Өтпей тұр күндер әлі басымыздан
Жүзге бөліп қазақты жіліктеген.
Ат жалында өскен ел заты қызба,
Шоқпар сүйер, үйірген құрықпенен.
Жоқшылыққа табуды сабыр, шыдам,
Көп көрдім өзгелерден жүріп төмен.
Есік қаққан шошимын қайыршыдан,
Көптен ол көрер көзге ілікпеген.
Премьерлер бір­бірлеп кетіп жатыр,
Кейбіреуі жымысқы бүлікпенен.
Тозған ауыл үндемей қалды ақыр,
Қолда аз­маз, жұмыссыз, мүлікпенен.
Діндарлар көп тілеген бізге ақ жол,
Қаптап кетті арабтар, түрікпенен.
Бүлік десек ойлантар ілік тап сол,
Өз бастары ешқашан бірікпеген.
Таң жарық, ерте тұрып арай көрем,
Адуын асау аттай үрікпеген.
Аптықпай келер күнге қарай берем,
Үзілмеген ақ сенім, үмітпенен.

11.04.2002.
Мәскеу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай» өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойымсыз «капиталист қазақтар­ай» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері