Жау деген не?

Бұл бетте «Жау деген не?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1442
Жұрт бiлетiн қашаннан
Аңқау өмiр сүрiптi.
Бiрде ауылға жасанған
Сұм жау басып кiрiптi.
Жау келедi дегендi
Ол да естiп қалыпты.
Қолына ұстап жүгендi,
Атын ерттеп алыпты.
«Немене жау дегенi,
Қарсы алдынан шабайын.
Дұрыс болды-ау келгенi,
Жүзiн көрiп қалайын...»
Жеке келген аңқауды
Жау қоршауға алады.
Аңқау жайын байқады,
Iс қиындап барады.
Бiрi аңдап аңысын,
Бөркiн шауып түсiрдi.
Жау дегеннiң мəнiсiн
Аңқау жаңа түсiндi.
«Құртады ғой бұлар!» – деп
Жүйрiк атын борбайлап,
«Өзiмдi опат қылар!» – деп,
Аңқау қашты ойбайлап.
Жүйрiк аттың күшiмен
Жаны аман қалыпты.
Алаңғасар iсiнен
Үлкен сабақ алыпты...
Жау келсе егер елiңе,
Керегi жоқ танысып.
Қуып туған жерiңнен,
Құрту керек шабысып.
Қару алып сайысып
Өзiң үшiн,
Жер үшiн;
Өту керек алысып
Ұрпақ үшiн,
Ел үшiн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жау деген не? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жау деген не? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жау деген не? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жау деген не? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері