Ескенде тау ішінің ызғар лебі – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ескенде тау ішінің ызғар лебі» атты Кәкімбек Салықов жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ескенде тау ішінің ызғар лебі,
Жылытты­ау көздерімен қыздар легі.
Сұлулар жүзім терген тоқтай қалып,
Әнімнің бір үзімін тыңдар ма еді.
Ішімнен қайталаймын ырғағымды,
Табады домбырасыз кім бабымды?
Ақынның жүрегі де жершіл екен,
Сағынтты тауда жүрсем қырдағымды.
Ақ бұлтқа ұмсынғандай жаумай өтер,
Селк етіп қарамады­ау таулар бекер.
Ақсары, аққу мойын, тостаған көз,
Қызынан Қызылжардың аумайды екен.

25.09.1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері