Мен сүйген жұқа сары қыз – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мен сүйген жұқа сары қыз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сүйген жұқа сары қыз
Төрімде төре болды ана.
Балалар алды қолынан
Өмірге берік жолдама.
Болғандай үйде кілең той,
Немерелер өсті қолында.
Шөберелер жүр түзеп бой,
Жүгіріп оң мен солында.
Қайталап айтам салмақтап,
Бір сөзін ойдан сырмаңдар.
Өтіңдер оны ардақтап,
Мен сүйген жаннан туғандар.

2012


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері