Жақсы көл жасыл жағасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жақсы көл жасыл жағасы,
Суаты алтын құм екен.
Жақсы адамның санасы
Мұраты биік мұң екен.
Мұнартсам таудай жасымнан,
Жаутаңкөз өскен мұңым бар.
Күрсініп өтсем қасыңнан,
Дерті бар жан деп ұғыңдар.
Мал басып, құс қонбайтын
Суатсыз көлдің өңірі.
Қара бас қамын ойлайтын
Есердің жеңіл өмірі.
Сан белестен өтсем де,
Беу, тағдырым, ұға бер:
Өзімді ойлау жоқ менде,
Көкейден кетпес туған ел.
Кейде сараң күлсем де,
Алаңдатқан ауыл ғой.
Сыр бермей үнсіз жүрсем де,
Жүректе жүгім ауыр ғой.

2012


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы көл жасыл жағасы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жақсы көл жасыл жағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жақсы көл жасыл жағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы көл жасыл жағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері