Ішкі сыр – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ішкі сыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құдайдың бергені ме,
Бейсауат сөзге ермедім.
Кеншілік кең мінезден
Ешқашан өзгермедім.
Тірлікте мақтан етем
Манаштай қайсар жанды көз көргенін.
Құрдас боп керіспедік, қыр аспадық,
Ақымақ пен есерге бас құраспадық.
Табиғи сұрыптау бар деген ұғым,
Достасып, үлкен мәнін растадық.
Жан еді жалындаған оты қалың,
Сағынып, ойға батып отырамын.
Басында бейітінің жыр төгілтер,
Ұшырам жүректің ақ тотыларын.

2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішкі сыр өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ішкі сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішкі сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішкі сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері