Тұр екен ғой теректер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тұр екен ғой теректер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2165
Біз келеміз көз ілмей,
Көрінбейді жол шеті.
Жарық айдың көзіндей
Жарқырайды көл беті.
Сары ала тон, салқын күз
Гуілдейді жел есіп.
Машинада отырмыз
Жолаушылар кеңесіп.
Таң арайы бұқтырды,
Түн жөнелді дөң асып.
Орман бізге тік тұрды
Ортасынан жол ашып.
Жас келіншек жыл жүріп
Келе жатқан оқудан,
Қозғалды алға ұмтылып
Орынынан отырған.
–Тұр екен ғой теректер
Тұр екен ғой жамырап.—
Деді де жас келіншек
Күлді жүзі жадырап.
–Өткен шығар теректе
Талай жастық жазың — деп,
Қойды біздің жігіттер
Келіншекті әзілдеп.
Жас келіншек кідірді,
Ой жіберіп өткенге.
–Бұл теректер егілді Сонау жылы көктемде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұр екен ғой теректер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тұр екен ғой теректер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұр екен ғой теректер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұр екен ғой теректер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері