Той

Бұл бетте «Той» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1234
Аштық жылы жұбатпақ боп аңдарды,
Арыстан бір той жасауға қамданды.
Жіберіліп жүйрік пенен дүрлері,
Шақырылды меймандар –
Көп аңдар
Үлкен-кіші түрлері.
Арыстанға келіп жатты күнде олар,
Шақырғанда кім қалар?
Той жақсы ғой тоқ жылда да іргелі.
Келді Суыр, Түлкі және Көртышқан,
Кешікті олар сағатқа,
Қонақтармен кезікті тек тамақта.
Ал, Түлкіні сор қысқан,
Ауызы бос емес еді сол тұста;
Суыр суға жығылған,
Тышқан жолдан бұрылған.
Аш қайтуға бәріне де жол қысқа.
Бос орынға – Арыстанның қасына
Тұра ұмтылды үшеуі де асыға.
«Тыңда, достар, – деді Барыс сол жерде, –
Бұл кең орын, емес тіпті сендерге:
Пілге арналған, келе қалса ол егерде,
Таптап кетер, шын қорқыныш төнер де.
Ендеше,
Аштан-аш қап қайтқыларың келмесе,
Босағада қалыңдар,
Құдай ақы, сонда тояр қарындар.
Сендерге емес бұл орын,
Сақталған тек аңдарға ірі пішімді.
Қаламаған кіші аңдар тұрып тамақ ішуді,
Үйінде отыр, білемін».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Той өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері