Өлең, жыр, ақындар

Мезгілсіз қонақтар

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1108
Ұйқасшылдың үйіне
Барған едік үйіле.
Бірақ та, оның ойлары
Прозамен, өлеңмен араласып қайдағы,
Әлденеден жаны ауырған секілді,
Қонақтарын аса ұнатпай отырды,
Өйткені, ол болып бір кез жыларман,
Құтқаршы деп бұлардан.
Кетпесе олар, жынданатын түрі бар,
Бір жағынан көпке оқитын жыры бар,
Шынын айтсам дәл, бірақ.
Одасын ол оқығанда-ақ алғашқы,
Жұрттың көбі тарқасты,
Ал, екінші өлеңде өзі қалды жалғыз-ақ.
Күші жақсы, ақылды, екі есе артық – ойлағын,
Дейтін болса кім нансын,
Бұл мысалдан үлгі алсын,
Ақылсыз күш – пайдасы жоқ қойма бір.
* * *
Торын құрып қатырып,
Аңшы күтті олжасын;
Арыстанның түсті өзі тырнағына алжасып,
«Ей, антұрған! – деді Арыстан ақырып,
Аузы арандай ашылып, –
Кәне, байқап көрейін сөздеріңнің дәлдігін,
Қандай күшпен бұл маңда
Патша болам деп ойлайсың күллі аңға?
Айтшы маған тырнағымда тұрғанда,
Сай келе ме күшіңмен сенің осы паңдығың?»
«Күшпен емес, басқарамыз ақылмен, –
Деді Адам сабырмен, –
Ұқ мақтанның себебін,
Ақылмен көп қиындықты жеңемін;
Күшті болғын сен мейлі,
Қолыңнан ол келмейді».
«Сендер жайлы ертегі талай тыңдап шаршағам».
«Ертегі емес – дәлелдейін ісіммен,
Алайда, сен түсінсең,
Қалайынша жем боламын мен саған?
Қарашы, әне, арасында талдардың
Еңбегімді аңғарғын:
Көремісің құрып қойған торды бір?
Содан әрі өтер екен кім бұрын?
Керек десең, мен бастайын жырды бұл,
Содан кейін білерміз қайратыңның сұмдығын,
Жарымынан өтсең-дағы – оңды бұл.
Көріп тұрсың тас қабырға емесін,
Жайлап қана тербетіп тұр жел есіп.
Бірақ, жалғыз күшіңмен
Арасынан тап мендей өтпесіңді түсін сен».
Торға сонда қиығын сап көзінің:
«Баста, – деді ол паңдығымен өзінің, –
Көз ілеспей жетіп барам ізіңмен».
Аңшы жылдам тор ішіне кіріп ап,
Аңды күтті, қос білегін түріп ап.
Арыстан да артынша торға кірді бір демде,
Кіргенімен, алайда, құтылуды білген бе?
Арыстанды шырмады тор соншама:
Босатпады (Аңшы тауып жөнді ақыл)
Айла күшті жеңді ақыр,
Өлді Арыстан бейшара.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарақұм

  • 0
  • 0

Қарақұм бұл –
Қара құмдар:
Өңсіз өлке,
Нала, мұң-зар...

Толық

Қолдаушы

  • 0
  • 0

Кездесіп, қол алысып,
Былай деді танысым:
«Осы сенің керемет
Қолдаушыңның бары шын.

Толық

Бидай мен арпа

  • 0
  • 0

Қамбада Бидай тұрды,
Қоймаға симай тұрды.
Көп дәннің арасында
Күшіне қарасын ба?

Толық

Қарап көріңіз