Өлең, жыр, ақындар

Бүлік

Оқиғадан күні ерте,
Хазид атты мемлекетте,
Шаруа бас көтерді
Ушыққан дүрбелеңде.
Саясатқа араласқан,
Жаңылып жаза басқан,
Патшаның дүр тағына
Кей бір әйел таласқан.
Әскерінде қолбасы көп,
Бойында салқындық көп,
Күнде салтанат қылған
Қол астында нөкері көп.
Ондықтан көтеріліп,
Жүздіктен төңкеріліп,
Мыңдықтан бір иленіп,
Түменнен үрейленіп.
Сардар еді жалданған,
Өрісіне ажал қонған,
Бүтін өзгертті оны,
Мына сұңқар қоғам.
Ашса да бар арын,
Ұнаса да бұл сарын,
Билік те биікте емес
Қолдамаса ел қалың.
Мүдде етіп жаулауын,
Салтанат қып сайлауын,
Орда етіп Дзю тауын,
Тақты күшпен баурауын.
« – Хазид елінің халқы,
Патшаға табын!
Болады әрі оның,
Есімі — Аламун».



Пікірлер (1)

Ережеп айша

Өте керемет өлеңдер екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз