Көңілім менің, көңілім

Бұл бетте «Көңілім менің, көңілім» атты Төлеген Назарбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жандарға дос та, дұшпан да болған,
Құмар да болған, құштар да болған.
Көзімнен бұлбұл ұшқанда арман,
Иттен де қалған, құстан да қалған,
Көңілім менің, көңілім!
 
Кетсем де кейде күйіктен қаңғып,
Үміткер едің биіктен барлық.
Жақсылық айтар адамға құрбан,
Жомарт та қылған, сараң да қылған,
Көңілім менің, көңілім!
 
Құлазып барып қайта гүлдеген,
Жайыңды сенің айта білмеп ем.
Күндердің қолы қалай құтқарған,
Қаршадай кезден талай құр қалған,
Көңілім менің, көңілім!


Пікірлер (1)

Нағашыбай

Маған ұнады, керемет, супепер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім менің, көңілім өлеңінің авторы кім?

Төлеген Назарбек — осы өлеңнің авторы.

Көңілім менің, көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім менің, көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Назарбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім менің, көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері