Өлең, жыр, ақындар

"Шындық" толғауы

Сөйле, тілім алаңдама, тартынба
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң халқымда?!

Заман қалай, адам қалай өзгерді,
Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында
Шындықты айтып, шыңғыратын кез келді.

Айтса нанар момын халық едік қой,
Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын
О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой!

Күні болған қазағымның сорлаған
Қасіреттің қара бұлты торлаған.
Ешқашанда тарихымда даламның,
Кешегідей бұрыс кету болмаған!

Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллион аштан өлген жарамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?

Сеніп өскен халық едік малына,
Малын алса, Қайтсін халық налымай?!
Америка, Түркияға, Қытайға,
Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?

Шұбар ала болып кеткен тілдерің,
Айтатұғын келді ау оны күндерің.
Тілің кетсе, күнің қоса кетерін
Қайран елім, қалай ғана білмедің?

Орысшада орыстарды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Жалпақ далаң өсер балаң, тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!

Ауыруың бірте - бірте асқынған,
Қара ниет асып кетті қасқырдан.
Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
Ата - анасын интернатқа тапсырған.

Өкініштен өксігімді баса алмай,
Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
Бір азамат бір ауылды билеуші ед,
Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.

Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
Алкогольдың ауруымен шатылған,
Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары,
Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.

Бабамыздың биігінен аспадық,
Құдай менен дінді жауып тастадық.
Маскүнем боп ұлдар түгіл қыздарың,
Ол аз болса наша шеге бастадық.

Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
Қанша сәби өлді улы дәріден.
Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.

Қайдасыңдар, азаматым, арысым,
Қайда кеткен, қасиетті намысың?
Адам түгіл шырылдаған торғайда,
Жанын пида етпеушімед бала үшін.

Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
Жұрдай болдық қайран баба салтыңнан.
Қасиетті қыздарымның қылығы,
Арал болып, Балқаш болып сарқылған!

Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
Өз батырың, өз арысың тұрғанда!

Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда?
Мұның бәрі кеткеніме шалғайға.
Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
Шала естілеу, мәңгүрт болып қалмай ма?

Дұрыс болмай замананың жетегі,
Еңіреген ердің толды етегі.
Осылардың бәрін қосып ойласам,
Бас айналып, көз бұлдырап кетеді.

Қайран елім, сорың енді арылар.
Күнім туды ағымнан бір жарылар,
Шыдаушы еңдер, шыдаңдаршы шырылдап,
Шындық жайлы айтатыным әлі бар.

Туған елдің қазынасының бәрін ап,
Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
Полигон боп Абай, Мұхтар жүрген жер,
Атом неге тек Семейде жарылад?!

Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?
Ел жоқ күн жоқ тундралар тұрғанда,
Сары алтындай Сарыөзекте несі бар?

Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
Кімге керек жал мен жая жегенің,
Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.

Бауырларым, жанымыз бір кемеде,
Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
Лермонтовпен Пушкинді атқан жандарга,
Абай деген Семей деген немене?!

Оқымаған биікте тұр бабамыз,
Оқыдық қой неге саяз санамыз?
Асқынды ғой, асқынды ғой жарамыз.
Ей, бауырлар, қайда кетіп барамыз?

Ақмоланың ұмыттық біз аттарын
Кереку мен Қызылжар ед мақтаным
Орысша боп алаң түгіл қалаңда
Байқайсыңба қайда бара жатқанын

Қайран далам, өр төсіңе - нұр тұнған,
Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
Мал өрісің, аң мен құсың жоқ болды,
Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!

Асқар тауым - ақыл, ойым - қорғаным,
Есіңді жый, ешкімге жем болмағын.
Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
Кімге керек бес күн жақсы болғаның.

Айтатұғын келді бүгін ақ таңдар,
Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар!



Пікірлер (19)

Айша

Супер

Хамитов Санжар

Бұл өлең маған қатты ұнайды. Жаттап аламын алдағы уақытта. Осы өлеңді оқығанда рухым оянады

Есіркеп Роза

Өте керемет адамды құштарлық қа бөлейді және өте мағыналы????

Есіркеп Роза

Мағыналы

Есіркеп Роза

Керемет адамға шабыт береді және мағына береді

Жаңагүл Мұсаханұызы

Аружібек қызым! Қаламың ұштала берсін! Өте өзекті тақырып алыпсың. Өркенің өссін! Бақытты бол!

Акжол

Оте кушты маған унады

Нұрс

Маған домбрамен тартып оқыған ұнады.

Нұрс

Домбрамен айтып отрып тартамын

Тек тыңдайтын құлақ пен оңына айналдырып жасайтын

Тек тыңдайтын құлақ пен өңін айналдырып жасайтын қазақтар керек

Сара

Гашык болдым осы оленге

Ахах

Кнгк

Гүлзат

Өте керемет жазған тыңдайтын құлақ бллса егер

Иманғали

Мен Түркістан қаласы №28 мектеп лицейі 8 ә сыныпта оқимын мен бұны естігенде құлағымның құршы қаным намыс оянған

Димаш

«Шындық» толғауы — Шынболат Ділдебаевтың шынайы ой мен сезімді терең жеткізген өлеңі. Ол ақиқатқа батыл қарайтын адам болудың маңызын, халықтың тарихы мен тілінің тағдырын поэтикалық тілмен толғап, оқырманға шындықты айту мен қабылдаудың мәнін ойлануға шақырады.

Балауса

Өте мағыналы өлең!!!

Жасын

Барын жаттап алдым гой оп онай кайф

Нурсаят

Мәссаған керемет айтуға тіл келмейді

Айна

"Шындық" толғауы — Шынболат Ділдебаевтың ойлы жыры, қазіргі қоғамның идеалдары мен қиындықтарын ашық әрі батыл көтерген шығармасы. Бұл толғау — өзінен бастап қазағыңның, тіліңнің, жұртыңның болашағын ойлайтын әрбір жасқа қажет ой тастайтын терең шығарма.

Өлеңнің ашық жолдары шындықты сөйлеп, тіліміз бен салт‑дәстүріміздің қадірін ұғынады. Автор өткен мен бүгіннің өмірін салыстыра отырып, адамның тәртібі мен ұстанымының беріктігі, халқымыздың ұлттық бірлігі туралы шынайы ойларымен бөліседі.

Шығарманың әрбір бейнесі жүрек тебірентеді: халықтың рухани қасіреттерін, тіл тағдырын, ұлттық болмыс пен намыс мәселелерін көтере отырып, ақын шынайы өмірлік шындықты айтудан тартынбайды. Бұл өлең — қазақтың рухани байлығын, қоғамдағы сындарлы мәселелерді терең түсіндіруге бағытталған құнды поэзия үлгісі.

"Шындық" толғауы — тек жыр емес, бұл — ойлануға шақыру, ұлттық сана мен туыңның биік болуы туралы үндеу. Оқырманға шығармашылық тұрғыдан да, адамгершілік деңгейден де әсер қалдырады: тіліміздің, салтымыз бен болашағымыздың әрқайсысы туралы қайта ойлануға мүмкіндік береді.

Осындай поэзиялық туындылар қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңдегі көркемдік деңгейін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ойды қозғайтындай терең мағынаға ие екені сөзсіз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз