Біздің ауылдың жазғы кеші

Бұл бетте «Біздің ауылдың жазғы кеші» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 2620
Сәл ертерек намазшам уақыттан,
Құба белден табынды құлатып, паң...
Есек мінген Байнияз қартпен бірге,
Өрістен мал қайтады шұбатып шаң.
Кеш кірсе тіршіліктің толғағы қат,
Ауылдың сәні емес пе ол да бірақ?!
Қайнаған Бұқараның базарындай,
Жатады азан-қазан төл жамырап.
Байланып дәл осынау мезетке құт,
Күйбең тірлік жатады кезек келіп.
Қара қазан, кешкі ас, ошақ қамы –
Жеңгелерім жүреді тезек теріп.
Әңгіме айдарынан жел естіріп,
(Бұл да ерсі көрінер емес қылық).
Малын күткен көршілер жап басында,
Қауқылдасып тұрады кеңес құрып.
Бала біткен бәс тігіп, бәйге жүлдеп,
Жарысады көшеде тай дүбірлеп.
Қою шаң арасынан айқай шығар:
«Бұзау емді, қайдасың, әй, жүгірмек?».
Тұтпайтұғын ауылдың салтын – мұрат,
Кеше келген сабағын қорытындылап.
Көрші қарттың қалалық немересі,
Қозы-лақтан қашады қорқып, жылап.
Сатылмай қалған, болып түрлі себеп,
Сынық мүйіз сиырдың тумысы ерек.
«Қарасан келгір» деп, қарғап сауғанда апам,
Көл-көсір боп толады сырлы шелек.
Уызына қойған соң құлқынды етіп,
Қара бұзау әл бермей, жұлқып, жетіп...
Көрші үйлерден естілер еміс-еміс,
Қара күбі піскені күрпілдетіп.
Жылда жазда сүтсіз қап қаны қатқан,
«Көзіңді құртам ертең Тәңір атқан!»
Деп,- сыбап көрші кемпір айдап келед,
Қысыр қалған қашарын шаңлақтан.
Бетіңді ошақтағы тістеп жалын,
Жатады жалмайтындай күшпен бәрін.
Сары майға бөктіріп береді апам,
Сексеуілдің шоғына піскен нанын.
Қараңғыға сіңгенде алау ғалам,
Сәл тыныштық орнайды манаураған.
Қызыл жалын шапшыған кернейінен,
Көрінеді самауыр әр ауладан.
...Тірлігі кешкі ауылдың тынғанында,
Тербелер тыныштықтың құндағында.
Тезектен түтіндік сап қараша үйге,
Отырады ел кешкі асқа түн жарымда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауылдың жазғы кеші өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауылдың жазғы кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауылдың жазғы кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауылдың жазғы кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері