Кешкі сурет
- 0
- 0
Аппақ шуақ шашылғандай шат күлсең,
Көкірегімнен ақ таң болып аттың сен.
Астыңа бір алтын жалды ат мініп,
Кешкі күнге кіріп бара жаттың сен...
Бұл бетте «Жақынға» атты TasDim жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аппақ шуақ шашылғандай шат күлсең,
Көкірегімнен ақ таң болып аттың сен.
Астыңа бір алтын жалды ат мініп,
Кешкі күнге кіріп бара жаттың сен...
Өзінді осы жерден көрген едім,
Өрмелеп тасым тұрған өрге менің.
Бақыттан бұлдыраған көздеріме
Теңселіп кетіп еді жер дегенің.
Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей,
Кездескенде лағып кетем сөз білмей.
Өмір сүрдің, мені мәңгі ыза ғып,
Жерде жатқан қурай ғұрлы көзге ілмей...
Хабарлама
INFO
Мақал секілді екен Го????