Қаңтар айы болғанда – Жантаев Райымбек

Бұл бетте «Қаңтар айы болғанда» атты Жантаев Райымбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаңтар айы, суық күнде,
Жаман күндер басталды.
Қазақ халқы, жұртым менің,
Көбі сонда қырылды.

Не болып қалды көшелерде,
Шың қанішер жүрген бе?
Әлде жарық сөнгенде,
Жын кірген бе адамға?

Біздің үйде қан төгілсе,
Қауіпті ме ол бізге?
Төгіліп жатқанын көргенше,
Тыныштық болсын өлмесе.

Жан айқайын кім естиді,
Қанға бөктік күн кешкелі.
Адалдықпен жүрсек егер,
Сөнбес үміт бір келері.

Сәби үнін шын тыңдашы,
Жүрек соғар бір үміт.
Қаннан емес, бейбіт күннен
Туады ертеңгі тірлік.

Сол кезде тек үлкен емес,
Кішілер де құлаған.
Оқуларды аяқтамай,
Сол жасында қалып қалды.

Төрт жасында, көз ашпаған,
Құлап түсті оқ даусынан.
Көзі жұмық, қолы бос тұр,
Тыныш ұйқы ма, жоқ жусаннан.

Қуыршағы енді үнсіз жатыр,
Оған қарап жылап тұр.
Көше тастай, үй қаңырап,
Күлі енді сұлап тұр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері