Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай) – Картенбай Әлия Жеңісбекқызы

Бұл бетте «Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай)» атты Картенбай Әлия Жеңісбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазақтың маңдайына біткен жұлдыз,
Бір бойыңнан табылған мың талпыныс.
Ғылымның майталманы біз өзіңнің,
Ізіңді жалғап істер ұрпақ игі іс.

Тау мен кеннің бола білдің сардары,
Білім үшін бердің барды қолдағы.
Әр ісіңде төктің терді аянбай,
Сенсің нағыз өнеркәсіп саңлағы.

Қарағанды — қара көмір торабы,
Сол уақытта маңызы оның орнады.
Қара тастың құдыретін ұқтырып,
Бар ғұмырын ілімге ол арнады.

Тұңғиықтан салдың бізге сара жол,
Тек дарынға туа біткен дара жол.
Еңбегіңді ешқашан ұмытпаймыз,
Есіміңді өмір бойы ұлықтаймыз!

Көмір біздің еліміздің құнары,
Сенсің оның ажырамас сыңары.
Дәл өзіңдей ғалым біздің қазаққа
Бір жылда емес, жүз жылда емес, ғасырда бір туады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай) өлеңінің авторы кім?

Картенбай Әлия Жеңісбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Картенбай Әлия Жеңісбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері