Сыныптастарға
Бұл бетте «Сыныптастарға» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алғаш қоңырау үнімен кірдік,
Әліппе ашып, білім меңгердік.
"Үздік" те болдық, "үштік" те болдық,
Тәлім-тәрбие жүгін өңгердік.
Сыныптастарым, құрдастарым-ай,
Мен үшін бәрің дарасыңдар ғой.
Ұмытылмастай сырластарым-ай,
Сағыныш болып барасыңдар ғой.
Қыздардың шашын илеп ойнадық,
Кештер өткізіп, биге тоймадық.
Бақыт шағында он күндей заулап,
Он жыл өтерін біле қоймадық.
Ауыл жазында - салауат таңы,
Қала сазында - саламат бағы.
Жанға батады сыныптастардың
Қатары сиреп бара жатқаны.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі