Кім біледі сезімнің шын көлемін? – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Кім біледі сезімнің шын көлемін?» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қапас түнде келе ме саяқ күдік?
Ай туғанда қанатын жаяды үміт.
Өзің болып самал да сыбырлайды,
Жүрегіме жүрегін таяп тұрып.

Өмір осы, өзінше алар даңқын,
Биігінде бақ болып жанар әркім.
Сен болмасаң, жыр жазар мына менің,
Қаламым да ұшталмай қалар, бәлкім...

Кім біледі сезімнің шын көлемін?
Бар жаныңмен жасайтын құн төлемін.
Сен алыстай бастасаң мына менен,
Жұлдыздың да жүзінен мұң көремін.

Жүйрік ой да шарлайды тәні терлеп,
Мен отырмын қиялмен бәрін емдеп.
Сен болмасаң, жанымда, білемісің,
Ауаның да мен жұтқан дәмі кермек.
Айгүл Қадыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім біледі сезімнің шын көлемін? өлеңінің авторы кім?

Айгүл Қадыр — осы өлеңнің авторы.

Кім біледі сезімнің шын көлемін? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім біледі сезімнің шын көлемін? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгүл Қадыр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім біледі сезімнің шын көлемін? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар