Жүрек тілі соққанда сезімді ұрып – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Жүрек тілі соққанда сезімді ұрып» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрек тілі соққанда сезімді ұрып,
Аздау болып, жүретін кезің күліп,
Ауыздықпен асаудай алыспасаң,
Мойыныңа салмайды төзім құрық.

Сағынудың кешпесең мұңын, шерін,
Қиялыңның баспасаң шыңын, төрін,
Арманыңа жеткенше асықпасаң,
Естімейсең жүректің үнін керім!

Маңдайыңнан сүймесе күн әлі шын,
Сезінбесең дөңбекшіп түн әрісін,
Осынау бір мендегі тәтті жырға,
Арқау бола алмасаң, кінәлісің!

Көк аспанда қанатын жазып құсың,
Сеніміңе қақпасаң қазықты шын,
Төніп келген бұлттарды сейілте алмай,
Дәрменсіздік танытсаң,
Жазықтысың!

Ғашықтықтан көрмесең ғайыпты шын,
Қиялыңа бойламай байыпты сын,
Көз ілместен түндерді таңға жалғап,
Сағынбасаң, мендей боп,
Айыптысың!
Айгүл Қадыр


Пікірлер (1)

Sarybaev

Әдемі жазылған yes

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар