Бұл бетте «Жүрші, жаным» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрші, жаным, қайтайық бір қыдырып,
тұрмайықшы тұсалғандай кідіріп.
Махаббаттың ұлылығы рас болса,
қалмақ емес жүректерде тығылып.
Сезімге кеп ұялаған ұятты
перделеген көңілімнен күй ақты.
Дөңгеленген дүниенің қызығын
екеумізге сыйлай салған сияқты.
Қиял, шіркін, көлбең-көлбең етеді,
арудайын желбіреген етегі.
Тағдырларды беріп ынтық жандарға,
бағымызды байламасаң не етеді?!
Шомылайық махаббаттың нұрына,
қалсын бәрі – жаласы да, мұңы да.
Жүрші, жаным, шақырады біздерді
шымылдығын судыратып шұғыла...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі