Ұзатылған құрбыға тілек – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Ұзатылған құрбыға тілек» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір жүрген күліп-ойнап асыл құрбым,
Мерзімі қысқа екен-ау қыз ғұмырдың?
Аяулы жар, ибалы келін болып -
Ұрпағын жалғай бергін барған жердің.

Сүрінбей өт сынынан бұл жалғанның,
Аман болсын жаныңда сүйген жарың.
Арқа сүйеп, еркелеп, уайым-мұңсыз -
Орындалсын бар мақсат, армандарың!

Берекелі, қазыналы шаңырақ боп,
Ата-енеңнен бата ал, қылып құрмет.
Біз саған тілектеспіз, тілеулеспіз,
Жан құрбым бағың жансын, жаздай гүлдеп!

07.08.2025


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар