Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер» атты Гүлмекен Қасенбай жазған ана туралы өлең берілген.

Әке-анам өздеріңмен мақтанам,
Сіздер барда қуанамын, шаттанам.
Дәл сіздердей ата-ананы бұйыртқан,
Жаратқанға сансыз алғыс көп айтам!

Қ-сы:
Менің әкем - жаны жайсаң жақсы адам,
Менің анам - кең пейілді, жомарт жан.
Адалдық пен адамдықты ту еткен -
Ата-анамның әр ісінен бақ табам.
Мерейтоймен асыл әкем, ақ мамам!

Өмірлерің нұрға толы болсын тек,
Келін алып, сүйіңіздер көп бөбек.
Ұзақ ғұмыр кешіңіздер бақытты,
Біз жүрейік тек сіздерді қадірлеп.

     Қ-сы:
Менің әкем - жаны жайсаң жақсы адам,
Менің анам - кең пейілді, жомарт жан.
Адалдық пен адамдықты ту еткен -
Ата-анамның әр ісінен бақ табам.
Мерейтоймен асыл әкем, ақ мамам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар