Аршыңдай басып адымдап
Бұл бетте «Аршыңдай басып адымдап» атты Серік Зейнетайұлы Жұмат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аршыңдай басып адымдап,
О өмір сенде келемін.
Болса да кейде сәттілік,
Бола да бермес дегенім.
Көрмеген әсте түңіліп,
Сәттерде кейде сүрінген.
Пенделік кейпім барымда,
Арыма ғана жүгінем.
Жаншылып кейде жүрегім,
Кезім де болды жабыққан.
Ешкімге мұңдап бармадым.
Ойымды тежеп қалыптан.
Осылай міне келемін,
Бергеннен көп пе берерім.
Тар жол тайғақ болса да,
Өзіме ғана сенемін.
https://youtu.be/ynjtCyF00CE?si=yP0kuQVqo6LZjaSu
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі