Тарбағатай – Серік Зейнетайұлы Жұмат

Бұл бетте «Тарбағатай» атты Серік Зейнетайұлы Жұмат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Басына бұлт қондырған Тарбағатай,
Бауырына жұрт қондырған Тарбағатай.
Табиғаттың шұғылалы нұрын жайып,
Бойына құт қондырған Тарбағатай.

Қалың ел мақтан қылған Тарбағатай,
Кеудеге от жандырған Тарбағатай.
Өсіріп ұландарын, қырандарын,
Арманға аттанддырған Тарбағатай.

Еліме қорған болған Тарбағатай,
Дұшпанға арман болған Тарбағатай.
Ұрпағына жасымас жігер беріп,
Көркі мен заңғар болған Тарбағатай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері