Қарлығашым, қанатынан жел ескен
- 0
- 0
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Бұл бетте «Жеті атасын білмей өскен ұл» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..
Iздеп жүрген iнкəрiм-ау жер-көктен,
Қандай ана сенi туып, тербеткен?
Түнделетiп түрiң мынау ендiгi
Жүрегiмнiң түпкiрiне төрлеткен.
Жүрегiңнiң атқақтауын байқасаң,
«Жүрiсiңнен айналдым» деп айта сал.
Сергелдеңнен шығар ма едiң, кiм бiлсiн,
Сезiмiңнiң жұмыртқасын шайқасаң...
Алихан
Күшті
Алихан
Е
gumakanapia
Рақмет!