Дәрігерге

Бұл бетте «Дәрігерге» атты Сарқыт Зарлықанқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дәрігерге

Анау сәби ыстығы асып жылап тұр,
Ол Алладан оған келген сынақ бұл.
Дәрігерлер аман алып қалар деп,
Ана байқұс үміттеніп жылап тұр.

Сол үміттің шамшырағын жағасың,
Науқастардың емін іздеп табатын.
Сұм ажалдың құрығына түсірмей,
Қанша жанды аман алып қаласың.

Дәрігер-ау, қадіріңді білсін ел,
Қамқор болып әр адамға жүрсіңдер.
Жан қысылып жатқанында адамның,
Жанарына үміт жасы іркілер.

Дәрігер-ау, барма сенің уақытың,
Әбігер боп, арпалысып жатырсың.
Ата-ана, отбасың мен балаңнан
Бір науқасты сауықтырсаң бақытың.

Жаны таза дәрігерлер әдемі,
Көп екен ғой жұмысының әлегі.
Әрбір түрлі індетпенен алысқан
Дәрігерлердің еңбегінің дәлелі.

Ұлан ауданы Сағыр ауылы «Жас қаламгерлер» үйірмесінің жетекшісі Сарқыт Зарлықанқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрігерге өлеңінің авторы кім?

Сарқыт Зарлықанқызы — осы өлеңнің авторы.

Дәрігерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәрігерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сарқыт Зарлықанқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәрігерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері