Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым

Бұл бетте «Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым» атты Сарқыт Зарлықанқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым

Тауда өстім, тау тілімен тілдестім,
Биігімен ой таласып үндестім,
Қара таудан қайсарлықты үйреніп,
Өр мінезбен өмірменде күрестім.

Қатпарынан қара таудың сыр ұқтым,
Балғын төсті бауырыңа тынықтым.
Ескен самал, өкпек желің өтімді,
Шымыр шабыт ширатылып шынықтым.

Бөкен жортқан бөрі жүріп беліңнен,
Бір ғажайып бар екенін сезінем.
Жартасыңда жасырынып жатырма?
Ғасырларға қалып ұлы шежірем

Жауса жырым жаңбырыңдай нөсерлеп,
Жан дидарым жаздай болып кетер ет.
Қиял құсым биігіңе қонақтар,
Өршіл сезім, таушыл жаным жетелеп.

Кербезіңдей кең мінезді тектімін,
Аттамаған ала жібін ешкімнің,
Жолдарыңмен жолаушылап келемін,
Өмір деген сапарында бес күнің.


Пікірлер (2)

Али

Оқып, табиғаттың тілін тыңдап, өз ішіңді тыңдап тұрғандай болдым.

Нұргүл

Табиғат лирикасының осындай үлгілері қазақ поэзиясында ерекше орын алатыны сөзсіз. Керемет туынды!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым өлеңінің авторы кім?

Сарқыт Зарлықанқызы — осы өлеңнің авторы.

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сарқыт Зарлықанқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері