Тыңда, мені, қарағым

Бұл бетте «Тыңда, мені, қарағым» атты Төлеген Жанғалиев жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тыңда, мені, қарағым,
Тұрған кезде сөз бүтін.
Төрге жеткен аяғым,
Көрге жетпес деймісің.
Босағамнан боз таңым,
Боздап шықпас деймісің.
Мен өмірден қорқамын,
Өлім менің өз-құтым.
Күйме мінген күндерден,
Түйме қалмай көрерлік.
Қанағатқа үйренген,
Қара жұртқа теңелдік.
Бай баратын қара жер,
Байқұсқа да бұйырар.
Қазір кінә таға бер,
Қасыңда ертең ұры-қар.
Мейлі бүгін кеуде кер,
Мен-меніңнен жел есер.
Жерде жүрген пенделер,
Көрде бірақ теңесер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңда, мені, қарағым өлеңінің авторы кім?

Төлеген Жанғалиев — осы өлеңнің авторы.

Тыңда, мені, қарағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңда, мені, қарағым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тыңда, мені, қарағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері