Ақ қалпағы басында
Бұл бетте «Ақ қалпағы басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгінде күн күркіреп,
Алды үйіріп даланы.
Жаңбырлы бұлт сіркіреп,
Шайып өтті ауаны.
Көктем желі шарлаған
Қыс көйлегін сыпырды.
Қызғалдақтар аумаған,
Қызыл тулар сықылды.
Ақты өзен алға ұзап,
Ақ тал қалмай шашында,
Алатау тұр жалғыз-ақ,
Ақ қалпағы басында.
1956
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі