Өзен жағасында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өзен жағасында» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4232
Жүзіп өтіп Торғайды
Қорқынышты сезінбей.
Балалар суда ойнайды
Баяғы күнгі өзімдей.
Балақтарын түрініп,
Жапырлай тарап жан-жаққа.
Шегіртке қуып жүгіріп,
Жем іздейді қармаққа.
Балықты қайтса мол алып,
Олжаға батып болар мәз.
Ойқой, шіркін, балалық,
Бұл не деген жомарт жаз!
Тәйірі, оған бәрібір,
Аңызақ күннің қызуы.
Өзенде ойнап әлі жүр,
Өзінде барлық қызығы.
1956


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері