Анаға алғыс – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Анаға алғыс» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шалықтап күлдім,
Ең алғаш сүтке тойғанда.
Иісін білдім,
Анашым қолға алғанда.
Даусын таныдым,
Әлдилеп мені ұйықтатса.
Жылуын сездім,
Құшағына жайлап қысқанда.

Мейірімін сездім,
Көзінен шуақ тамғанда.
Еркелей бердім,
Осынау рақымды жанға.
Сағындым әркез,
Қамқорлығын еске алып.
Анаңдай сірә,
Әлемде мынау жан бар ма?

Жүретін ылғи,
Тамағын беріп, өбектеп.
Киімімді жуып,
Жағдайымды ойлап, "күнім" - деп.
Анамның сөзі,
Ең ғажап сөздер мен үшін!
Анамның көзі,
Мейірін төккен күлімдеп!

Рақмет, ана,
Қызметің үшін риясыз!
Ұрпағың үшін,
Жаныңды, білем, қиясыз.
Алғысым шексіз,
Жан анам мәңгі өзіңе.
Жанымда жүрсең,
Әрбір сәт бізге қуаныш!

Гүлмекен Қасенбайқызы
24.02.2026


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар