Ақыл

Бұл бетте «Ақыл» өлеңінің мәтіні, текст нұсқасы, өлең жолдары және толық мазмұны берілген.

Ақыл айтсам бола ма саған балам?
Өмір деген даңғыл жол, тарам-тарам,
Жан-жағыңа ізетпен қарайлап жүр,
Абайлап бас асықпай алаң қадам.

Келсе дағы басыңа сараң заман,
Үмітіңді жоғалтпа табандаған.
Адамға сен, өзің де сенімді бол,
Сенім сенбеушіліктен арандаған.

Еңбек етсең белгілі алар бағаң,
Жалқау бар ма бір істі тәмамдаған?
Тырысудан ұялма, Өкінішті
Өз жұлдызын уағында жаға алмаған.

Кірлесе де тірліктен аппақ жағаң,
Ар былғама жеткенше шараң-шамаң.
Қателеспей таба біл серігіңді,
Керек әсте өмірде адамға-адам.

Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл өлеңінің авторы кім?

Бұл өлеңнің авторы осы бетте көрсетілген.

Ақыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде автор өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар