Сөздің де сөзден жүйесі бар – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Сөздің де сөзден жүйесі бар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сөздің де сөзден соң жүйесі бар,
Жақсы сөзден ғибрат тиесі бар.
Басшы қалай бай қалай,бектер қалай?
Ебін табар әр істің иесі бар.
Биесі бар әркімнің түйесі бар,
Қылар ісін қызыға сүйесі бар.
Сырын білмей сыртынан ұмтылғанның
Сүртілетін бетіне күйесі бар.
Жан болған соң тұрасы,жүресі бар,
Жақсы менен жаманның күресі бар.
Іштен шалып қапыда алып ұрып,
Шыға беріп артыңан күлесі бар.
Адамзаттың ата мен енесі бар,
Екеуінен жаралған денесі бар.
Талпынғанды талапты бәрін қойып,
Табиғатты біреуге бересі бар.
Оны ұрлаушы жақындап келесі бар,
Ол келген соң пенденің өлесі бар.
Буалдырсыз талапты таза жүрек,
Жаратушы жалғызға сенесі бар.
Өмірдің де тоқтамай желесі бар,
Рызық, қызық біраз күн тересі бар.
Жан иесі жәндіктің бар иесі,
Бір жинайтын машқарда кеңесі бар.
Жақсы жаман жәндіктің көресі бар,
Жақсы қызып,жақпаса өлесі бар.
Барған жағы жалғанның тиянағы,
Тас таразы тәңірдің төресі бар.
Жақсы,жаман айырып бөлесі бар.
Көне сауап алатын үлесі бар.
Жоқ жаманшылық, жоқ төсек түрлі бейнет,
Көтке салар күрзі мен дүресі бар.

1919 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөздің де сөзден жүйесі бар өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Сөздің де сөзден жүйесі бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөздің де сөзден жүйесі бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөздің де сөзден жүйесі бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері