Құрт түспейді
Бұл бетте «Құрт түспейді» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жария қыл бар жұртқа,
Жақсы көрген бар бала.
Құрт түседі алмұртқа,
Шабдалы мен алмаға.
Ел үңіліп қарай ма,
Көре алмайды ізін де.
Ешқашан да, алайда,
Құрт түспейді жүзімге.
Біз де қатты қалдық таң,
Оның үлкен мәні бар.
Балақай, сен сондықтан,
Осы жайды танып ал!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі