Қолғап – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қолғап» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін қатты тоңғаным,
Мұз боп кетті қолдарым.
Киінгенде асығып,
Үйде қапты қолғабым.

Тепкен кезде сырғанақ,
Қолғабыңды ал, бірақ.
Қолың тоңса денең де,
Кетеді екен қалтырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері