Неге жасыл? – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Неге жасыл?» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қарағайлар қыс күнінде, –
Дейсің, – неге жап-жасыл?»
Біреу келіп деді ме әлде:
«Жаздың қалпын сақтасын!»

Менің қатты сүйінгенім,
Жазға жетіп тұрса да,
Үстіндегі киімдерін,
Шешпейді екен шырша да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері