Бол елге тілектес! – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Бол елге тілектес!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барға ырза бол!
Жоққа мырза бол!
Ашқа ас бер!
Арамға өш бол!
Жаманға қас бол!
Жақсымен дос бол!
Сыйла ата-ананы!
Аяла баланы!
Үлкеннің тілін ал!
Барлығын біліп ал!
Кішіге көмектес!
Бол елге тілектес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері