Біздің көктем – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Біздің көктем» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Көктем келді, көк шықты,
Көкпеңбек боп шөп шықты.
Қозы мен лақ жесін деп,
Былтырғыдан көп шықты.

Сиыр суға барады,
Жылқышы атпен шабады.
Шопан қойды қайырып,
Өрісіне салады.

Бұлақтарым бұлқынды,
Өзендерім жұлқынды.
Жүйрік, жорға тай болды,
Құлындары былтырғы.

Кісінейді құлындар,
Маңырайды қозы-лақ.
Мөңірейді бұзаулар,
Біздің көктем қызық-ақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері