Мақпал ән – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мақпал ән» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 775
Қоңыр кеште, қоңыр үйде мақпал ән,
Не сыр қалды саған, сірә, шақпаған!
Жазғыр мені, мейлің тіпті жазала,
Бейшара деп жаны тыным таппаған.
Жанға жалғыз серік сенсің, мақпал ән,
Сеніп сырды саған ғана ақтарам.
Бұл беймаза жүрегімде, түсінші,
Бүгін тағы толасы жоқ , ақ боран.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері