Міне, тағы іңір келді – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Міне, тағы іңір келді» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

...Міне, тағы іңір келді,
Қала кеші - думанды.
Ептеп... сыра сіміргенді...
Бал ғой уы бұл маңның.

«Бұл неғылған бітпейтін той,
Салар ма едік мұншама ән?!»
Ми ішінде мыңғырған ой,
Мыңғырған ой - жусаған...

Ақ бокалда сан мың қиял
Тұрған сынды шымырлап

Жаныңда бір тағдыр жылар...
Бұлдыр сағым буынды ап.

Әлдекімді сағынасыз,
Еске салып түнгі оттар.
Кафе. Әуен. Мағынасыз.
Бірақ сәл-пәл ырғақ бар.

Қарындастың қайғысы да
Сол ырғаққа жұтылған.
...Арман етіп Айды сірә,
Кеткен дейді... Құтырған...

Кейде осылай күтеді екен,
Оралмаған серігін.
Ия, аздап ішеді екен...
Сосын... біраз желігіп...

Мен түсінем оны үнсіз,
Ол түсінер мені де.
Берілеміз бір сәт тілсіз,
Елестердің еліне.

Көше мұңын ағызады,
Қарашаның жаңбыры.
Жанардан жас тамызады,
қарындастың тағдыры.

Мына халық не біледі?!
Билейді олар... шу қылып...
Өткен өмір керуені
өксігіңде шыңғырып

тұрғандайын күй кешесің.
(Ессіз ой мен тілсіздік).
Билесе екен билесе шын,
Жан қалауын мұңсыз ғып...

Қарамаймыз іздерге біз,
Санамаймыз түн шамын.
Көзбен сүртіп үйренгенбіз,
Көкіректің бұршағын!

Сол бұршақты кеше жүріп,
Билейді жұрт басылмай.
Суға бөккен көше тымық,
Қарындастың жасындай...

Бүгін солай - кеше қалай,
Қала түні - көңілді.
Көңілдірек ете алмай,
Біз келеміз өмірді...

«...Бұл неғылған бітпейтін той?
Бітпейтін той?! Шаршадым!»:
Көлкіп ұшқан көгілдір ой,
Көз жасындай аршаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міне, тағы іңір келді өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Міне, тағы іңір келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Міне, тағы іңір келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міне, тағы іңір келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері